ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Құқықтық қолдаудың толық циклі: келісім-шарттарды әзірлеу мен ЖШС тіркеуден бастап, мәмілелер мен жобаларды сүйемелдеу және мүдделерін қорғауға дейін

Заңдық сүйемелдеу бағыттары

КЕЛІСІМ-ШАРТТАР МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАР


Біз келісім-шарттарды олар нақты өмірде тиімді жұмыс істеп, бизнес мүдделерін қорғап, тәуекелдерді азайтып және компанияның нақты процестерін ескеретіндей етіп әзірлейміз, қарастырамыз және қолдаймыз.

Қызмет қашан қажет:

• Интернеттен шаблон жүктемей, «нақты жағдайға арналған» келісім - шарт дайындау қажет болғанда
• Сіздің келісім-шартыңызды Қазақстан заңнамасына, СЭҚ ерекшеліктеріне, шетелдік контрагентке немесе тендер талаптарына бейімдеу керек болғанда
• Контрагент өз келісім-шартының жобасын жіберіп — қол қою алдында тәуекелдерді тексеру қажет болғанда
• Есеп айырысуды, мерзімдерді, жауапкершілікті, жеткізуді, коммерциялық құпияны қауіпсіз еткіңіз келгенде
• Түзетулерді келісуге және серіктеспен қарым-қатынасты бұзбай шешуге уақыт/құзырет жетіспеген кезде 

Келісім-шартты нөлден бастап әзірлеу (клиенттің сұрауы бойынша)

  • Мәмілені және бастапқы ақпаратты талдау
  • Келісім -шарттың түрін айқындау: жеткізу, қызмет көрсету, мердігерлік, жалдау, комиссия, дистрибуция, агенттік, франшиза, экспорт/импорт және т.б.
  • Құрылымды зерттеу: мәні, баға, мерзімдер, есеп айырысу тәртібі, жауапкершік, форс-мажор
  • Келісім-шарт пен оның қосымшаларының мәтінін дайындау (сипаттамасы, акт, техникалық тапсырма, кесте, KPI және т.б.) 

Құқықтық сараптама (өзге тарап ұсынған келісім-шартты тексеру)

  • Тәуекелдерді талдау: айыппұлдар, біржақты бас тарту, қайтару, бұзу, төлем шарттары
  • ҚР / ЕАЭО заңнамасына сәйкестігін тексеру
  • Тәуекелдер кестесі + түзету бойынша ұсыныстар 

Келісу және келіссөздер

  • Өзгерістер мен комментарийлерді дайындау
  • Шарт талаптарын қарсы тараппен келісу
  • Өзгерістерді енгізу және мәтінді қорытындылау 

Қосымша құжаттар

  • Қосымша келісімдер, актілер, келіспеушілік хаттамалары
  • NDA, құпиялылық туралы келісімдер
  • Деректерді өңдеу мен коммерциялық құпияларды қорғау саясаттары,
  • Шағым хаттары, хабарламалар 

Клиентке не ұсынылады:

✔ Нақты мәміле шарттарын көрсететін дайын келісім-шарт
✔ Айыппұлдар, сот даулары, жеткізілмеу, төлем жасамау тәуекелдерінің минимумы:
✔ Келісім-шарттың орындалуын бақылаудың айқын механизмдері
✔ Шаблон ретінде қолдану мүмкіндіктері бар файлдар — Word, PDF форматында

КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУЫ


Бұл қашан қажет:

• Сіз қарсы тарап шартты дұрыс орындап жатыр ма, жоқ па деген күмәнде болсаңыз
• Төлем мен жеткізу кешіктіріліп жатса, жеткізілмеу, шығындардың артуы немесе жасырын тәуекелдер болса
• Келісім-шартты өзіңіз бұзып жатпағандығыңызды тексергіңіз келсе
• Даулы жағдайға, сотқа, шартты бұзуға немесе шығындарды өндіріп алуға дайындалсаңыз
• Нақты қаржылық және заңды салдарын және дәлелдемелік базаны түсіну қажет болса 

Келісім-шартты және негізгі шарттарды талдау

  • Мәні, мерзімдері, құны, жауапкершілік, қабылдау тәртібі
  • Айыппұлдар, өсімпұлдар, біржақты бас тартудың және форс-мажордың шарттары
  • Қай орындау дұрыс деп есептелетінін тексеру 

Факт пен келісім-шартты салыстыру

  • Тараптардың нақты әрекеттері (жеткізу, төлем, қызметтер, мерзімдер)
  • Актілерді, жөнелтпе құжаттарды, хат-хабар алмасуды, төлем құжаттарын тексеру
  • Кешігулерді, көлемдерді, сапаны, құнды бекіту

Бұзушылықтар мен тәуекелдерді анықтау

  • Жеткізілмеу, көлемнің артуы, кешігулер, сапа шарттарын бұзу
  • Қате есептеулер, аванс енгізбеу, қосымша келісімдердің рәсімделмеуі
  • Құпиялылық бойынша, мердігерлік нормалар және ҚҚС бойынша міндеттемелердің бұзулуы
 Заңды салдарлары

  • Айыппұлдар/шығындарды өндіріп алу мүмкіндігі
  • Келісім-шартты бұзу немесе төлемді ұстап қалу мүмкіндігі
  • Сот дауы бойынша жеңілу ықтималдығы (егер сіз бұзсаңыз)
  • Өндіру сомасын есептеу және сотқа дейінгі/соттық сценарийлер 

Клиентке не ұсынылады:

✔ Бұзушылықтар кестесі бар есеп

✔ Әр жағдайды заңды бағалау
✔ Ұсыныстар:
— қарсы тарапқа (контрагентке) не талап ету керек
— өзіңізде не түзету керек
— қандай құжаттарға дайындалу қажет
✔ Дайын шаблондар: шағым хат, хабарлама, келіспеушілік актісі, келісім жобасы

ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ СҮЙЕМЕЛДЕУ


Біз жобаларды— идеядан бастап келісім-шартты дайындау, іске асыру, орындалуын бақылау және жобаны аяқтауға дейін барлық кезеңдерде заңды және ұйымдастырушылық сүйемелдеуін қамтамасыз етеміз. Бұл мерзімнің бұзылуы, айыппұлдар, тапсырыс берушілер/мердігерлер және мемлекеттік органдармен даулар сияқты тәуекелдерді төмендетеді.

Жобаны сүйемелдеу қашан қажет:

• Жаңа жоба, тендер, құрылыс, IT-жүйе, жеткізу, инвестициялық жоба басталғанда
• Келісім-шарттарды, техникалық тапсырмаларды, бюджеттер, мерзімдер, тараптардың жауапкершілігін рәсімдеу қажет болғанда
• Мердігерлер, қосалқы мердігерлер, жеткізушілер болса — оларды зағды тұрғыдан байланыстыру қажет болғанда
• Шарт, мерзімдер, сметалар өзгергенде — құқықтық келісім қажет болғанда
• Бақылаушы органдар, тапсырыс берушілер немесе инвесторлар есеп/құжат талап еткенде
• Жоба аяқталуға жақын болса, тапсыру, актілер, финалдық құжаттар қажет болғанда
• Даулар, мерзімнің бұзылуы, айыппұлдар болып — реттеу қажет болғанда 

Дайындық кезеңі

  • Жобаның мақсаты мен заңды тәуекелдерді талдау
  • Техникалық тапсырмаларды, сипаттамаларды дайындау / тексеру
  • Тапсырыс беруші, мердігер, инвестор, жеткізушілермен келісім-шарттарды әзірлеу
  • Бюджет, мерзімдер, кезеңдерді келісу 

Жобаны іске асыру

  • Келісім-шарт талаптарының орындалуын бақылау
  • Тапсырыс берушімен / қарсы тараптармен хат-хабар алмасуды жүргізу
  • Өзгерістерді заңды рәсімдеу (қосымша келісімдер, сметалар, мерзімдер)
  • Орындаған жұмыстардың актілерін, жеткізілімдерді, төлемдерді бақылау 

Тәуекелдер мен дауларды басқару

  • Бұзушылықтарды анықтау, дәлелдемелерді тіркеу
  • Шағымдармен жұмыс, келіссөздер
  • Мүдделерді қорғау: мемлекеттік органдарда, инвесторларда, сотқа дейінгі тәртіпте 

Жобаны аяқтау

  • Нәтижені тапсыру: актілер, есептер, жабу құжаттары
  • Құқықтарды, мүлікті, орындалған жұмыстарды беру
  • Қаржылық жабу (есеп айырысу, ұстап қалу, авансты қайтару)
  • Жобаның қорытындыларын талдау — жүйелік қателерді және жетілдіруді анықтау 

Қосымша (сұраныс бойынша)

  • Келіссөздерде клиент мүддесін ұсыну
  • Тендерлерге / мемлекеттік сатып алуларға қатысу
  • Авторлық құқық, зияткерлік меншік
  • Халықаралық / шекаралық жобалар 

Сіз не аласыз:

✔ Жоба бойынша барлық заң құжаттары (келісім-шарттар, актілер, қосымша келісімдер, хаттар)
✔ Әр кезеңде мүдделерді қорғау
✔ Тәуекелдерді бақылау: мерзімдер, айыппұлдар, төлем, жеткізу
✔ Жобаны уақытында аяқтау, даулар мен шығындарсыз

БИЗНЕСТІҢ САТУ-САТЫП АЛУ МӘМІЛЕСІН СҮЙЕМЕЛДЕУ


Біз бизнесті сатып алу немесе сату мәмілелерін сүйемелдейміз — компанияны бастапқы тексеруден бастап келісім-шартқа қол қою, өзгерістерді тіркеу, есеп айырысулар мен құқықтарды беруге дейін. Сатушының немесе сатып алушының толық құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеміз, жасырын тәуекелдерді болдырмаймыз және “таза” мәмілені қамтамасыз етеміз.

Бұл қызмет қашан қажет:

• Сіз ЖШС, ЖК-тегі үлесті, кәсіпорын немесе әрекет етіп тұрған бизнесті сатсаңыз немесе сатып алсаңыз
• Қатысушы бизнестен шығып жатса немесе жаңа серіктес кірсе
• Бизнес туыстарға, серіктестерге немесе инвесторларға берілсе
• Сатып алушы қарыздар, айыппұлдар, тәркілеулер, салықтық тәуекелдердің жоқтығына көз жеткізгісі келсе
• Бизнесті сатып алу-сатудың заңды тұрғыдан сауатты рәсімделген келісім-шарты қажет болған жағдайда
• Мәмілені банк, нотариус, мемлекеттік тіркеу арқылы, болашақта дау-дамайсыз жүргізу маңызды болған жағдайда 

Дайындық кезеңі (Due Diligence)

  • Компанияның құқықтық, қаржылық және салықтық аудиті
  • Қарыздарды, жалға алуды, міндеттемелерді, сот дауларын тексеру
  • Қызметкерлермен, жеткізушілермен, клиенттермен жасалған келісім-шарттарды талдау
  • Мүліктің, лицензиялар мен тауар белгілерінің заңды мәртебесін тексеру 

Келіссөздер мен шарттар (LOI / Term Sheet)

  • Мәміленің шарттарын қалыптастыру
  • Ниет хатты (LOI) дайындау/тексеру
  • Баға, үлестер, төлем тәртібін анықтау
  • Шарттарды екі тараппен келісу 

Мәмілені рәсімдеу (құжаттар)

  • Үлесті / бизнесті сатып алу-сату келісім-шарты (SPA)
  • Үлесті, мүлікті тапсыру-алу актісі
  • Қатысушылардың жалпы жиналыс хаттамасы / директор шешімі
  • Қосымша келісімдер (несиелер, қызметкерлер, мүлік болса)
  • Қажет болған жағдайда — сенімхаттар, жария етпеу туралы келісімдер (NDA), опциондар, escrow-шоттар 

Өзгерістерді тіркеу

  • Құжаттарды нотариуске тапсыру
  • Мәмілені ХҚКО / Әділет министрлігі / Мемлекеттік реестрде тіркеу
  • Жарғыға өзгерістер енгізу, басшы туралы деректер, БСН, қатысушылар үлестері
  • Банктік карточкаларды, ЭЦҚ, лицензияларды өзгерту 

Қаржылық және салықтық мәселелер

  • Бизнесті / үлесті сату кезіндегі салықтарды есептеу
  • Мәмілені оңтайландыру (қауіпсіз төлем тәсілі, бөліп төлеу, escrow)
  • Төлем құжаттарын, қолхаттарды, актілерді дайындау
  • Мәміледен кейінгі салық есептілігі 

Мәміледен кейінгі сүйемелдеу (қалауы бойынша)

  • Құжаттарды жаңа меншік иесіне беру
  • Бухгалтер/заңгер ауысқанда сүйемелдеу
  • Міндеттемелерді талдау, есеп айырысуды аяқтау
  • Келісім-шартты контрагент бұзған жағдайда шағымдарды сүйемелдеу 

Клиентке не ұсынылады:

✔ Заңдық тұрғыдан «таза» мәміле
✔ Салықтық, мүліктік және корпоративтік тәуекелдердің болмауы
✔ Барлық қажетті құжаттар пакеті (SPA, актілер, шешімдер, тіркеу)
✔ Уақыт үнемдеу және даулар мен шығындарға әкелетін қателерден қорғау

КОРПОРАТИВТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ ТІРКЕУ


Біз бизнесті корпоративтік өмірінің барлық кезеңдерінде сүйемелдейміз: тіркеу, қатысушылар құрамын өзгерту, шешімдерді рәсімдеу, серіктестердің кіруі/шығуы, даулар, қайта ұйымдастыру. Барлық әрекеттер заңнамаға сәйкес қатаң түрде, меншік иелерінің мүдделерін қорғаумен қоса жүзеге асырылады.

Бұл қызмет қашан қажет:

• ЖШС, ЖК, филиал немесе өкілдікті тіркеу қажет болғанда
• Жаңа қатысушы, инвестор немесе серіктес енгенде
• Қатысушы бизнестен шыққысы келгенде / үлесін сатқысы келгенде
• Үлестерді қайта бөлу, сыйға беру мен мұрагерлікті рәсімдеу қажет болғанда
• Директорды, атауды, заңды мекенжайды ауыстыру қажет болғанда
• Құрылтайшылар арасында дау (қол қоймау, шоттың бұғатталуы, пайдамен бөліспеу)
• Жарғыны, шешімдерді, корпоративтік құжаттарды дұрыс дайындау қажет болғанда
• Қайта ұйымдастыру, бірігу немесе тарату жоспарланғанда 

Бизнесті тіркеу

  • ЖШС, ЖК, филиалдар, өкілдіктерді тіркеу
  • Жарғыны, құрылтайшылардың шешімдерін, бұйрықтарды дайындау
  • Банктік шот ашуға, ЭЦҚ алуға, салық тіркеуіне көмектесу
  • Салық реестріне, статистикаға енгізу, ХҚКО-ға тіркеу 

Компаниядағы өзгерістер және басқару

  • Директорды, бас бухгалтерді, заңды мекенжайды ауыстыру
  • Атауды, қызмет түрлерін (ЭҚЖЖ) өзгерту
  • Бұйрықтарды, хабарламаларды, мемлекеттік органдарға өтініштерді дайындау 

Қатысушылар, үлестер, кіру және шығу

  • Үлесті сату, сыйға беру, иеліктен шығару
  • Жаңа қатысушының кіруі (сатып алу-сату келісім-шарты, шешім, тіркеу)
  • Қатысушының шығуы, онымен есеп айырысу, үлесін төлеуді рәсімдеу
  • Бизнес мұрагерлігі / иесі қайтыс болғаннан кейін үлесті ресімдеу
  • Опциондық келісімдер, қатысушылардың келісімдері, корпоративтік келісім-шарттар 

Құжаттар және корпоративтік басқару

  • Компанияның жарғысы, филиалдар туралы ережелер
  • Жиналыс хаттамалары, жалғыз қатысушының шешімдері
  • Ережелер: директор туралы, басқару органдары және дивидендтер туралы
  • Корпоративтік даулар — келіссөздерді сүйемелдеу 

Қайта ұйымдастыру және тарату (сұрау бойынша)

  • ЖК-ны ЖШС-ге түрлендіру
  • Бірігу, қосылу, бөлу
  • ЖШС / ЖК-ны ерікті тарату
  • Тарату баланстарын, хабарламаларды, жарияланымдарды дайындау 

Клиент не ұтады:

✔ Бизнесті заңды түрде «таза» рәсімдеу
✔ Қатысушылар мен директордың құқықтарының қорғалуы
✔ Нақты жұмысқа сәйкес келетін дұрыс рәсімделген жарғы және құжаттар
✔ Айыппұлдар, даулар, шоттың бұғатталу қаупінің болмауы
✔ Серіктестікке, инвестицияларға немесе бизнесті сатуға дайындық

САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН (САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ЗАҢНАМАЛАР БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕР)


Біз бизнесті салықтық және кедендік құқықтың барлық мәселелері бойынша: есептеулер мен есептіліктен бастап, мемлекеттік органдармен күрделі дауларға, сыртқы экономикалық мәмілелерді түзетуге, кедендік құнға және ЕАЭО аясындағы импорт/экспортқа дейін сүйемелдейміз.

Бұл қашан қажет:

• Салық есептілігіндегі қателер, айыппұлдар немесе шоттың бұғатталуы
• ҚҚС қайтару қажет болғанда / камералдық бақылау / МКК-дан келген хабарламалар
• СЭҚ: импорт/экспорт, СЭҚ ТН, кедендік рәсімдеу, валюталық бақылау
• Кеденмен даулар — кедендік құнды түзету, қосымша есептеулер
• Экспорт/импорт алдында құжаттарды тексеру
• Бизнес Қытай, Ресей, Қырғызстан, ЕО немесе ЕАЭО елдерімен қызмет еткенде
• Салықтық жүктемені заңды түрде төмендету қажет болғанда 

Салықтық аудит және диагностика

  • Есептілікті, салық тіркелімдерін, бюджетпен есеп айырысуды тексеру
  • Салық жүктемесін талдау, қателер мен тәуекелдерді анықтау
  • 1С-пен, банкпен, айналым-сальдолық ведомостармен салыстыру 

Салықты оңтайландыру (заңды түрде)

  • Салықтық режимді таңдау (ЖТС / ҚТС / Astana Hub / AIFC / ауыл шаруашылығы / патент)
  • Қызмет түрлерін бөлу, холдингтік және консорциялық схемалар
  • ҚҚС, КТС, ЖТС, ӘС, әлеуметтік төлемдер — жүктемені азайту
  • СЭҚ, экспорт, жеңілдіктер, инвестициялық преференциялар арқылы оңтайландыру 

Салықтық тексерулер және даулар

  • МКК және аудит тексерулеріне дайындық
  • Хабарламаларға, сұрауларға, камералдық бақылауға жауап беру
  • Салық органдарының актілерін даулату
  • Мемлекеттік кірістер департаментінде (МКК), апелляцияда, сотта өкілдік ету 

ҚҚС қайтару / есепке жатқызу

  • Құжаттар пакетiн дайындау
  • Экспорттық құжаттарды тексеру (CMR, контракт, инвойстар, актілер)
  • Салық органдарымен коммуникация, қайтару процесін сүйемелдеу 

Контрактілер және құжаттарды дайындау

  • Сыртқы сауда келісім-шарттары (EXW, CIF, DAP және т.б.)
  • Incoterms шарттарын тексеру
  • Инвойстар, CMR, қаптама тізімдері, шығу тегі туралы сертификаттар 

Кедендік құн және классификация

  • СЭҚ ТН кодтары
  • Баждар, ҚҚС, акциздерді есептеу
  • Кедендік декларацияның (КД) дұрыстығын тексеру
  • Кедендік құнды түзету кезінде сүйемелдеу 

Валюталық бақылау және ЕАЭО

  • Мәміле/контракт паспорты
  • Банкке хабарламалар, валюталық бақылау бойынша есептер
  • ЕАЭО аумағында тауарларды тасымалдау (баждарсыз, бірақ ҚҚС ескеріледі)
  • Қытай → Ресей → Қазақстан импорты (сұр схемалар, «үшінші ел» — тәуекелдерді азайту) 

Кедендік тексерулер және даулар

  • Қосымша есептеулер кезінде қорғау
  • Кеден шешімдеріне шағымдану
  • Соттар мен комиссияларда өкілдік ету 

Клиент үшін нәтиже:

✔ Айыппұлсыз дұрыс есептелген салықтар және СЭҚ құжаттары
✔ Салықтық жүктемені заңды түрде оңтайландыру
✔ Таза экспорт / импорт, дұрыс кедендік құн
✔ Тексерулерден (салықтық және кедендік) сәтті өту
✔ Сенімділік: барлық құжаттар рәсімделген, есептелген және қорғалған

CRM-форма появится здесь

Жазылу

Оставьте свои данные и опишите проблему,

Мы обязательно поможем Вам решить ее

АДРЕС Город Алматы, проспект Райымбека 165А
график Пн-Пт :09.00-17.00