БИЗНЕСТІ КЕШЕНДІ ҚҰРЫЛЫМДАУ
(бизнес-процестер, ұйымдық құрылым, құжаттар, еңбекақы, заң базасы)
Бұл – бизнесін хаостан жүйелі, басқарылатын компанияға айналдырғысы келетін иелерге арналған қызмет. Яғни, айқын құрылымы бар, функциялары нақты жазылған, еңбекақысы ашық, ішкі процестері заңды түрде рәсімделген бизнес.
Қызмет қандай мәселелерді шешеді:
• Кім не үшін жауап беретіні түсініксіз, функциялар қайталанады немесе қателер бар
• Бекітіліген процестер, регламенттер, KPI жоқ, барлығы “ауызша” жұмыс жасауда
• Жалақылар ретсіз есептеледі, қызметкерлер ынталандырылмайды
• Ішкі құжаттар (штаттық кесте, ережелер, нұсқаулықтар, келісім-шарттар) рәсімделмеген немесе заңға қайшы
• Бизнес масштабатауға, инвестор тартуға немесе сатуға дайындалып жатыр
Қызметке не кіреді:
- Меншік иесімен, басшылармен және негізгі қызметкерлермен сұхбат
- Қазіргі процестерді сипаттау: сату, қаржы, өндіріс, логистика, HR
- Тығырықтарды, қайталанатын функцияларды, уақыт пен ақша бойынша жоғалтуларды анықтау
- Сызбалар жасау (XMind, BPMN, Miro): кім не істейді, қашан және қандай ережеге сай
- “Қалай жұмыс істеуі тиіс” мәселесіне қатысты регламенттер мен алгоритмдерді қалыптастыру
Нәтиже: Процестер картасы + оңтайландырылған, енгізуге дайын регламенттер.
Ұйымдық құрылымды әзірлеу
- Рөлдерді, бөлімдерді және жауапкершілік аймақтарын анықтау
- Басқару тік бағытын және бағыныштылықты белгілеу
- Ұйымдық құрылым схемасын (Org Chart) жасау
- Функцияларды лауазымдарға бөлу
Нәтиже: Компанияның анық үлгісі — кім не үшін жауап береді және кімге бағынышты
Еңбекақы жүйесі (ЕҚЖ + KPI)
- Қазіргі жалақыларды және ынталандырмау факторларын талдау
- Оклад + KPI + бонус моделін жобалау
- Бонустарды, айыппұлдарды, пайыздарды есептеу ережелерін белгілеу
- Қызметкерлерге, басшыларға, сату бөліміне арналған KPI
- Еңбекақы және еңбекті ынталандыру туралы Ереже дайындау
Нәтиже: Нәтижеге бағытталған, тиімді жұмыс істейтін ынталандыру жүйесі.
Ішкі құжаттаманы заңдық рәсімдеу
- Қолданыстағы локалдық актілер, бұйрықтар, қызметкерлермен жасалған келісім-шарттар бойынша аудит
- Келесі құжаттарды жасау немесе жаңарту:
- Жарғы (қажет болған жағдайда)
- Бөлімдер туралы ережелер
- Еңбекақы және сыйақы туралы Ереже
- Лауазымдық нұсқаулықтар
- Өзара әрекеттесу регламенттері
- Бұйрықтар, хабарламалар, келісімдер шаблондары
- Бұйрықтар және қызметкерлердің қолдарын қойдыру арқылы енгізу
Нәтиже: Заңды, әрекет ететін құжаттар + меншік иесінің қорғалуы.
Кімдерге әсіресе қолайлы:
✔ Бизнес инвесторға, франшизаға, серіктестікке немесе сатуға дайындалып жатыр
✔ меншік иесі операциондық жұмыстан шығуды немесе басқаруды біреуге табыстауды қалайды
✔ Компанияда хаос: еңбекақы жүйесі, регламенттер, заңдық құжаттар жоқ
Енгізгеннен кейінгі нәтиже:
✔ Әр қызметкер өз рөлін, міндеттерін және жауапкершілік аймағын біледі
✔ Қаржылық есеп, процестер, құжаттар бірыңғай стандартқа келтірілген
✔ Ішкі құжаттар — заңды әрі меншік иесін қорғайды
✔ Компания масштабталуға, франшизаға, инвесторға дайын
записаться
Мы обязательно поможем Вам решить ее
Юридическое оформление внутренней документации компании — это ключ к снижению правовых рисков, обеспечению правовой защиты интересов работодателя и соблюдению законодательства Республики Казахстан. Правильно выстроенная система документов укрепляет дисциплину, повышает управляемость и снижает вероятность трудовых споров.
Цели юридического оформления:
• Обеспечение соответствия внутренней документации требованиям Трудового кодекса и иных нормативных актов РК.
• Защита интересов собственника и управленцев.
• Формирование единой юридической базы для оперативного управления.
• Снижение рисков штрафов, проверок и трудовых споров.
© 2023 All rights reserved.